«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және қолданыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру шеңберінде «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданының білім бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің 23 түрін көрсетеді.
2021 жылы барлығы 1972 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ арқылы – 146 қызмет, электрондық үкімет порталы арқылы - 894 қызмет және қағаз форматта 932 қызмет.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау мақсатында білім бөлімі және барлық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ай сайын мемлекеттік қызметтер көрсету есептілігін дайындайды және жинақтайды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау мақсатында білім бөлімі және барлық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ай сайын мемлекеттік қызметтер көрсету есептілігін дайындайды және жинақтайды. Жыл сайын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін тексеру жүзеге асырылады, қорытындысы бойынша анықталған ескертулер дереу жойылады, тексеру барысында ұсынымдар, тапсырмалар беріледі, тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданады.