кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Е. Сыздықпаевтың төрағалығымен комиссияның жоспарлы отырысы

 

 

 

Бүгін Есіл ауданы әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Е. Сыздықпаевтың төрағалығымен комиссияның жоспарлы отырысы өтті.

Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
Есіл ауданының білім бөлігінің ұсынысын қарау туралы. Баяндамашы – Есіл ауданының білім бөлігінің әдіскері А.П. Гордя.
Кәмелетке толмағандар арасында әлеуметтік-тәрбиелік, спорттық-сауықтыру және бос уақытты тиімді ұйымдастыру жұмыстары туралы. Баяндамашылар – Есіл ауданының білім бөлігінің әдіскері А.П. Гордя және Есіл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Б.Д. Қойшығара.
Орловка ауылы әкімдігі жанындағы жедел әрекет ету тобының қызметі туралы. Баяндамашы – Орловка ауылының әкімі М.Е. Енсенбаев.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері тиісті шешімдер қабылдап, жауапты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.