Қолайсыз отбасыларға профилактикалық рейд

18 шілде күні қорғаншылық және қамқоршылық органдарының бас маманы Ботагоз Зейнуллина мен ЖПЮ инспекторы Руслан Шаймерден қолайсыз санаттағы есепте тұрған отбасыларға профилактикалық рейд жүргізді.

Рейд барысында отбасылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы, санитарлық ахуалы және өмір сүру салты зерделенді. Сонымен қатар, ата-аналармен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, ата-аналық міндеттерді жауапкершілікпен орындау және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай іс-шаралар отбасылық қолайсыздықтың алдын алу және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылады.