Текст

2026 жылдың 6 ақпан күні Есіл қаласының С. Серіков атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында Жастар спартакиадасы аясында Есіл ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары (ұлдар) арасында баскетболдан аудандық жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Есіл қаласының №2 ЖББМ, ІІ орынды Есіл қаласының С. Серіков атындағы ЖББМ, ІІІ орынды Есіл қаласының №3 ЖББМ командасы иеленді. Барлық қатысушы командаларға жеңіске деген жігері командалық рухтарын көтеру мақсатында грамоталар берілді. Барлық қатысушы жас спортшыларды жеңістерімен құттықтаймын.