Текст
2026 жылдың 5 ақпан күні Есіл қаласының №3 жалпы білім беретін мектеп базасында Жастар спартакиадасы аясында Есіл ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында үстел ойындары Теннис және шахмат бойынша аудандық жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша үстел теннисінен І орынды Қаракөл ауылының ЖББМ, ІІ орынды Московский ауылының ЖББМ, ІІІ орынды Юбилейное ауылының ЖББМ командасы иеленді. Шахмат бойынша жарыс қорытындысы бойынша І орынды Есіл қаласының С.Серіков атындағы ЖББМ, ІІ орын Красивое ауылының ЖББМ, ІІІ орын Есіл қаласының № 2 ЖББМ, Барлық қатысушы командаларға жеңіске деген жігері командалық рухтарын көтеру мақсатында грамоталар берілді. Барлық қатысушы жас спортшыларды жеңістерімен құттықтаймын.




