Ағымдағы жылдың 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында тамақтану сапасына бақылау жүргізу мақсатында "Мектеп асханасы" республикалық алдын алу іс-шарасы басталды.
Барлық орта білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру мониторингі бойынша комиссия құрылды,оның құрамына медицина қызметкерлері, мектеп әкімшілігі және ата-аналар комитетінің мүшелері кіреді. Аталған комиссия оқушылардың тамақтану сапасына күнделікті бақылау жүргізеді, түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына, өнімдерді сақтау мерзімі мен шарттарының сақталуына, дайын тағамдардың бағасын бақылайды.
Дұрыс тамақтануды насихаттау сабақтан тыс уақытта сынып сағаттарында, мектеп асханаларында үгіттеу арқылы қалыптасады.
Дұрыс тамақтану туралы ақпарат мектептің ақпараттық стендтерінде, сондай-ақ мектеп асханаларындағы стендтерде және дұрыс тамақтану бұрышында орналастырылған.
Мектеп оқушыларының тамақтануы мен санитарлық – гигиеналық жағдайларды сақтау бойынша асханаларды жалға алушылардың қанағаттанарлық жұмысы байқалады. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан оқушыларға және 1-11 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беретін демеушілерге, асханаларды жалға алушыларға алғысымызды білдіреміз.
"Мектеп асханасы" айлығы жалғасуда. Қазіргі уақытта ауа райы жағдайына байланысты Есіл ауданының 29 білім беру ұйымдарының 17 мектебі ғана тексерілді.
Ай соңына дейін Ақмола облысы Есіл ауданы білім беру ұйымдарының барлық асханаларын тексерумен қамтылатын болады.