Есіл аудандық бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестік отырысының хаттамасы №3
11.02. 2021 жыл
Қатысқан мұғалімдер- 15
Күн тәртібінде:
Вебинар бағдарламасы:
2. «Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс беру жолдары» Ержан Төлеужан «Свабодный орта мектебі»
3. «Қашықтықтан оқытудың тиімділігі» Құдайбергенова Алмагүл «Игілік ОМ»
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Аудандық әдістеме бірлестік жетекшісі: Асимова С.А сөз алып, өз сөзінде Бастауыш сыныпта қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері жайлы айтып өтілді.
Тыңдалды:
Бірінші баяндама бойынша – Игілік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Құдайбергенова Алмагүл «Қашықтықтан оқытудың тиімділігі» тақырыбында оқылып, өз тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасып талқыланды.
Тыңдалды:
Екінші баяндама бойынша - Свабодный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ержан Төлеужан «Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс беру жолдары» тақырыбы бойынша презентация арқылы көрсетілді. Сұрақтар қойып,өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасып талқыланды.
Тыңдалды:
Үшінші мәселе бойынша №3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ералиева Айгерім мен Қабылқызы Ботагөз «Игілік ОМ мұғалімдері бірінші сыныптардың жылдың соңына дейін қорытылмауы, бағалау шкаласы жайлы
толық ақпарат сұралып, талқыланды. Бастауыш сынып мұғалімдері өз ойларын айтып пікірлесті.
Шешім:
Күн тәртібінде айтылған мәселе жоспарлар уақытымен жүргзіліп, нәтижелері шығарылсын.
11.02. 2021 жыл
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырысына қатысқан мұғалімдір тізімі:
Әлемдегі індеттің таралуы бүгінде біздің елімізде де орын алып отыр. Сондықтан санитарлық-эпидемиялық жағдайға байланысты ағымдағы оқу жылының ІІІ тоқсанында барлық білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытуға жүргізіліп отыр.
Қашықтан оқытуда оқу күнін үйреншікті 40 минуттық сабақтар түрінде емес, анағұрлым қысқа (синхронды оқытуда) сабақтар түрінде жоспарлаған орынды. Оқушылардың компьютер алдында үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығының жас ерекшеліктеріне сәйкес белгіленген нормаларын ескеріңіз. Оқыту барысында міндетті түрде үзіліс жасап, балалардың орнынан тұрып, монитордан алшақ тұрып, көзге арналған жаттығуларды, бірнеше қарапайым дене жаттығуларын орындауына, су ішуіне мүмкіндік беріңіздер.
Синхрондық деп аталатын өзара іс-қимыл оқушы пен мұғалімнің нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Яғни оқушы пен мұғалім бір-бірін виртуалды көре отырып, өздерін толғандырған сұрақтарға нақты іс-әрекетпен немесе практикалық тұрғыда көріне отырып, жауап береді. Мысалы, белгілі бір тақырыпты ортаға тастап талқылау қажет болса және оған бірнеше адамның пікірі қажет болса, бастауыш мұғалімдері бейне байланыстардың бүгінгі таңдағы жетілген түрлері (ZOOM жүйесі, скайп немесе басқа да бейне құралдар) пайдаланылуда.
“Білім негізі бастауышта”-деп бекерге айтылмаса керек, себебі қашықтықтан оқыту процесінде бастауыш сынып оқушысымен жұмыс жүргізу бастауыш педагогтары үшін үлкен қиындық туғызғаны жасырын емес. Жалпы, қашықтықтан оқыту – білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процесінің тұтас немесе белгілі бір бөлігі мұғалім мен оқушының жергілікті алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушының белгілі дәрежеде білім алуы үшін барлық мүмкіндіктерді (ватсап,интернет желісі, ютубтан қажетті сілтемелер, слайд,т.б..)үнемі пайдаланып отырамыз.
Басында қиындықтар өте көп болды, ата-ана тарапынан түсініспеушіліктер туындады. Өйткені кез-келген ата-ана ақпараттық технологияларды толық меңгере білмейтіні айқын. Сондай-ақ, қашықтықтан оқытудың жетістігі – мұғалімнің өзінің қатысуынсыз оқушының назарын өзінен тыс қалдырмайтын қабілеттілігіне байланысты. Мұндай қабілетті ұстаздар ұжымымызда өте көп екенін мақтанышпен айтуға болады.
Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда бастауыш сынып мұғалімдерінің атқарар рөлі орасан зор. Оларға әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеліп отыр: ол оқу бағдарламасының құрылымын дайындайды, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, оқушының өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас та назардан тыс қалмауда. Міне, осындай күрделі де қызықты, жауапкершілігі мол мамандықты таңдап, әлемді мойындатқан уақытша қиын-қыстау кезеңде жалықпай, мойымай еңбектеніп жүрген сіздерге әріптестерім алғысым шексіз! Қашықтықтан оқыту барысында бірігіп, ұйымшылдықпен атқарылған жұмыстардың оң нәтиже беруі де білікті ұстаздарымыздың үлесі екені сөзсіз..
Өткен тоқсанда «Аудандық бастауыш сыныптарының «Вундеркинд» чемпинатында көптеген оқушыларымыз өз білімдерін көрсете білді.
Енді жақында болған «Математикалық турнир» 2-сыныптар арасында өткен байқаудың нәтижесін күтудеміз. Ол байқауда да білімді оқушыларымыз озып шығып, өз нәтижелерін көрсетеді деген сенімдемін.
Қорыта айтқанда, қашықтықтан оқыту ұстаз еңбегінің қиын екендігін, оқушы мен ата-анаға ұғындырып, ұстаздың мәртебесі жоғары екендігін дәлелдеді.Әрине, оқушының мұндай жетістікке жетуіне ерекше ықпал етіп, қолдау көрсетіп отырған ата-ананың да еңбегі зор. Мұғалім, оқушы, ата-ана үштігі бірлесіп бір—бірімізге қолдау көрсетсек, бұл қиындықты да жеңіп шығарымыз сөзсіз!
Назар аудырып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Келесі кездескенше сау-саламатта болайық!