«Өзін -өзі тану» пәнінен Республикалық онкүндікті өткізу бойынша.
2 - 12 ақпан аралығында ауданның жалпы білім беретін мектептерінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық онкүндік аясында мектеп оқушыларының «Өзін - өзі тану» бағдарламасы туралы білімдерін кеңейтуге, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы идеяларды қалыптастыруға арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: онкүндіктің жоспарымен таныстыру, онкүндіктің тақырыбына қызығушылық таныту, қолайлы атмосфера құру, онкүндікті өткізуге белсенді қатысуды мақсат ету.
Міндеттері:
2. өзін-өзі тану онкүндігін С.А. Назарбаева туған күніне орай сәйкестендіру.
3. позитивті ойлау, шабытпен, шығармашылықпен өмір сүру қабілетін дамыту.
4. қоршаған әлемге деген адамгершілік қатынасты, сүйіспеншілікке, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Пандемияға қарсы шектеу шараларына байланысты барлық іс-шаралар қашықтан форматта өткізілді.
- «Бәрі де махаббаттан бастау алады» онкүндіктің ашылуы.
- «Өзін-өзі тану» кітап көрмесі
- «Күлімдесең айналаң көңілді» күлімдеу күні.
- «Алтын жүрек анамыз», «Махаббатқа толы жүрек» мәтінді мәнерлеп оқу байқауы.
- «Руханилықтың мөлдір бұлағы» шығармашылық көркем –өнер көрмесі
- «Нағыз махаббат-ол...»эссе жазу байқауы.
- «Махаббат-өмір негізі» тақырыбына «Өзін-өзі тану» пәнінен жалпыреспубликалық ашық сабақ.
Ата-аналармен бірлесіп «Отбасымдағы өлеңдер» атты поэзия кештері ұйымдастырылды, ата-аналар мен балалар Отан, отбасы туралы өлеңдер оқыды. Сурет салу байқауы өткізілді.
Мектеп кітапханаларында атты «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мектептерде «Махаббатқа толы жүректер» атты челлендж бастау алды.
Тәлімгерлер «Ән –көңілдің ажары» атты ән байқауларын өткізілді.
«Бәрін сүйіспеншілікпен өлшеңдер» қорытынды іс-шаралар өзін-өзі танудың бірыңғай сағаттарын өткізу, адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаева туралы бейнематериалдарды қарау болды.
«Өзін-өзі тану» онкүндігінің қорытындылары бойынша оқушылар бұл пән мектепте өте маңызды, адам өзін бала кезінен тану керек, содан кейін ересек өмірге қадам басу оңай болады деген қорытындыға келді. Бұл пән жақсы көруге және жақсылық жасауға үйретеді. Кез-келген жағдайда әрқашан адамдарға қуаныш, сүйіспеншілік сыйлау керек, сонда рухани әлем байиды, адамдар бір-біріне жақындайды, өмір сүру оңай болады, біз өз қағидаларымыздан аттап өтуді, ренжітуді кешіруді үйренеміз.
Адам басқаларға қатысты осындай керемет қасиеттерді көрсеткенде, олардың қанаттары өскендей марқайып, жақсылық жасағысы келеді, адамдар бір-біріне мейірімді бола бастайды. Барлық әлемде тек осындай адамдар мүмкіндігінше көп болғанын қалар едік.
Онкүндіктің соңында мектеп оқушылары онкүндіктен алған әсерлерімен бөлісті, мұғалімдерге тамаша сабақтары үшін алғыс білдіріп, «Өзін-өзі тану» пәні адамға өзін табуға, оның ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің қадір-қасиетін сақтауға және әрдайым адам боп қалуға сөзсіз көмектесетінін атап өтті.