"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семинар .Информация ОШ№3

07.02.2025 «Есіл қаласының №3 ЖББМ»КММ-де 2025 жылдың 6-шы ақпанында «Оқу-тәрбие үрдісінде білім алушылардың бойындағы танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың бойындағы қызығушылықтарды арттыра отырып,сапалы білімге қол жеткізу». Семинардың салтанатты ашылуы мектеп директоры Молдатина Ф.О алғы сөзімен басталды, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Темірхан Р.Н. мен директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Ергалиева А.Г жүргізіп, одан әрі сабақтармен жалғасты. Семинарда 5 мұғалім ашық сабақ беріп, педагог-психолог мұғалімдермен шебер сынып өткізді. 1)Фазылов Еркин Канатович -көркем еңбек пәні мұғалімі; 2)Баядилова Мирамкул Айсиновна-бастауыш сынып мұғалімі; 3)Алиэва Эльмира Койшановна-информатика пәні мұғалімі; 4)Қуанышбай Гүлім Асқарбекқызы-бастауыш сынып мұғалімі; 5)Аманбай Фарида Нұрланқызы-бастауыш сынып мұғалімі; 6)Саяхат Тойгүл-педагог-психолог. Аудандық семинарға білім бөлімінің әдіскерлері, қалалық және ауылдық мектептерінің ұстаздары қатысты. Сабақтар уақытымен, жүйелі өткізілді, педагогтер өз шеберліктерін көрсете білді. Семинардың жабылуында сабаққа қатысқан мұғалімдер өтілген сабақтар туралы пікірлерін, ұсыныстарын айтып, білім бөлімінің әдіскерлері Серкебаева З.Т, Әлменов Н.Қ, Жилкибаев К .К. сөз сөйлеп, қорытындылады. Орын Д. Хангишиева
Просмотров: 3923


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст