Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Zoom платформасы арқылы мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша тағы бір оқыту вебинары өткізілді.
Вебинарға қатысушылар: мектеп директорлары, балабақшалар меңгерушілері мен әдіскерлері, шағын орталықтар тәрбиешілері, сондай-ақ мектеп директорларының ОТЖ жөніндегі орынбасарлары, іс жүргізушілер, хатшылар, информатика мұғалімдері - мектепке дейінгі ұйымдардағы осы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүктелген барлық қызметкерлер болды.
Вебинарда мектепке дейінгі білім беру әдіскері Унгефуг М.В. Akmola.kz кіші жүйесі арқылы «Мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке тіркеу және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру» автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер шеңберіндегі жұмыс алгоритмін және оларды әрі қарай ұлттық білім беру базасына (ҰБББ) тіркеу туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Мектепке дейінгі білім беру әдіскері М.Унгефуг