1 сәуір күні сағ.15.00 «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында қашықтан «Ақ шағала» аудандық хореографиялық байқауы өтті.
Байқау мақсаты: оқушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, үйлесімді жеке тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет көрсету, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу.
Байқауға 18 би ұжымдары қатысты (қатысушылар жасы 2003 – 2010 ж. туылғандар).
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының «Бибірайлым» би ұжымы;
2 орын –№2 орта мектебінің «Очарование» би ұжымы;
3 орын –Курский орта мектебі.
Балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы «Ақ шағала» байқауының облыстық кезеңінде жүлдел 3 орынға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Мықты денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз!