"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Биология және химия пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы

02.09.2025

2025 жылғы 27 тамызда Есіл ауданының №3 жалпы орта мектебінде химия және биология пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырысы өтті. Іс-шара Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Кездесу барысында педагогтер СОР мен СОЧ өткізу ерекшеліктерін, қазіргі заманғы әдістемелік тәсілдерді, сондай-ақ тәрбиелік мақсаттарды оқу процесіне кіріктіруге көмектесетін «Адал азамат» бағдарламасын талқылады.

Баяндама жасады:

1. Каракөл ауылының жалпы орта мектебінің химия және биология пәнінің мұғалімі Данильченко Г.Р. «Биология және химия сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту» тақырыбында;
2. Заречное ауылының КММ жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі, педагог-эксперт Сапарова Е.С. «Quizizz құралын педагог жұмысына мотивация және білімді бақылау құралы ретінде пайдалану» тақырыбында;
3. №1 жалпы орта мектебінің химия және биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Гирина О.Г. «Виртуалды ғылыми тәжірибелер және цифрлық зертханалар» тақырыбында;
4. Заречное ауылының КММ жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі, педагог-эксперт Адушкина Л.В. «Химия пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс — оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту құралы» тақырыбында.

Мұғалімдер тәжірибе алмасты және оқытуды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады.

Бұл іс-шара кәсіби дамуға, идеялар алмасуға және шабыттануға тамаша мүмкіндік болды.

Просмотров: 37


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст