"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Еңбек пәні

02.09.2025

2025 жылғы 27 тамызда Есіл ауданында көркем еңбек мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің секциялық отырысы өтті.
Отырыс модераторы Фазилов Е.К. кездесуді құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларды іс-шара тақырыбы мен мақсаты, сондай-ақ инновациялық оқу жоспары UTI 2025 бағдарламасымен таныстырды.

Ауданның жаңа мұғалімдері туралы – олардың біліктілігі, педагогикалық тәжірибесі және жетістіктері туралы мәліметтерден тұратын тізім ұсынылды.

Педагог-модератор Ашенова Алия Жамельевна «Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында баяндама жасады.

Қатысушылар ауыл мектептерінде оқушыларды жынысы бойынша бөлу ерекшеліктерін талқылап, тәжірибе алмасу мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Отырыс қорытындысында білім беру үдерісін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындалып, белсенді пікірталас жүргізілді.

Просмотров: 1384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст