Текст
2025 жылдың 27 тамызында Есіл қаласындағы №3 жалпы орта мектеп базасында аудандық физика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Модератор – Гарипов Артур Римович, отырыстың тақырыбы мен мақсаттары, сондай-ақ ИМП 2025 таныстырылды.
Спикерлердің баяндамалары тыңдалды:
• Эйгерд Т.А. (Мәскеу ауылы ЖОББМ) — «Физиканы оқытудың тиімді әдістерін жүзеге асыру»;
• Вальчук Л.И. (Орловка ауылы ЖОББМ) — «Физика сабағында азаматтық құндылықтар мен қасиеттерді қалыптастыру».
Отырыс жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, 2025–2026 оқу жылында физика пәнін оқытудың негізгі бағыттары талқыланды.