"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

география пәні мұғалімдері қауымдастығының кеңейтілген отырысы

02.09.2025

2025 жылғы 27 тамызда Есіл ауданында жалпы білім беретін мектептердің география пәні мұғалімдері қауымдастығының кеңейтілген отырысы өтті. Тақырыбы: «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман».

Модератор ретінде Туктубаева Елена Николаевна 2024-2025 оқу жылының қорытындыларын айтып, оқушылардың білім сапасы мен олимпиадалар мен байқауларға белсенді қатысуын атап өтті.

Отырыста 2025–2026 оқу жылына арналған әдістемелік бағыттар талқыланды: оқытудағы басым бағыттар, цифрлық ресурстарды, картографиялық сервистерді, интерактивті технологияларды енгізу және жергілікті материалдарды пайдалану.

Қазіргі білім беру трендтеріне ерекше көңіл бөлінді. Дарбаева А.В. география сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін жасанды интеллектті қолдану жайлы баяндаса, Р.Б. Қасжан функционалдық сауаттылық тапсырмаларын қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Практикалық бөлімде Иванова Н.Л. мен Резина Н.И. формативті бағалау бойынша авторлық жинақтарын таныстырып, тиімді әдістерімен бөлісті.

Отырыстың соңында қауымдастықтың 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланып, география білімін одан әрі дамытуға ұсыныстар жасалды.

Просмотров: 1383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст