2025 жылдың 27 тамызында Ақмола облысы Есіл ауданында “Білім келешегі:адал азамат - кәсіби маман” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының секция отырысы өтті. Бағдарлама бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің қауымдастық жетекшісі Л.Т.Маханова 2025-2026 оқу жылына арналған ӘНХ таныстырып, толықтырулар мен жаңашылдықтарды, жаңа оқу жылында басты назарға алып, жүзеге асуға қажетті мәселелерді айтып өтті. Сондай-ақ, секция отырысында білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті, «Мәтін арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру» тақырыбында
“Сұрған негізгі орта мектебі” КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумагулова С.А. және “Тілдік дағдыларды дамытуда мәтінмен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері” атты өзекті тақырыбы бойынша “Ковыльная ЖОББМ” КММ ұстазы Тотеп С. сөз алды. Одан әрі Есіл қаласының 1- інші мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Салтанат Мұрат: “Қазақ тілі сабақтарында жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері” атты баяндамасымен таныстырып, бүгінгі білім беруде, ЖИ тиімділігі мен қажеттілігін, бірнеше платформаларды қолдану арқылы нәтиже шығаруға болатынын айтып өтті.
Секция отырысы соңында, педагогтер түрлі мәселелер көтеріп, сол отырыс аясында тиісті жауаптарын алды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің секция отырысында көтерілген барлық сұрақтар мен мәселелер, педагогтардың іс- тәжірибесімен бөлісуі, отырыс барысында хаттамаға жазылды.