"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есіл ауданында дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті.

02.09.2025

2025 жылғы 27 тамызда Есіл ауданында дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті.

🔹 Кеңес аясында 23 пәндік секцияның жұмысы ұйымдастырылып, кеңейтілген пленарлық отырыс өткізілді. Оған келесі тұлғалар қатысты:
• Есіл ауданы әкімінің орынбасары – Сыздықпаев Ерлан Тимурұлы,
• Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы басшысының орынбасары – Ермуханова Инара Ибраимқызы,
• Есіл ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры – Зейнуллин Дамир Маратович,
• Мектеп директорлары мен орынбасарлары, әдіскерлер, мұғалімдер және білім бөлімі мамандары.

🔹 Білім бөлімінің басшысы Қажетова М.А. өткен оқу жылының қорытындысын шығарып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді таныстырды.
Кәсіби тәжірибесімен және жетістіктерімен бөліскен педагогтар:
• Тәшенова Қуаныш Тлектесқызы, №3 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі – «Мектепке дейінгі және бастауыш білімнің сабақтастығы: даму, даярлық, үйлесімділік» тақырыбында,
• Сапарова Екатерина Салаватовна, Заречное ауылы мектебінің директоры – «Мектептің цифрлық трансформациясы: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында,
• Ерболұлы Айбек, Курское ауылы мектебінің тарих пәні мұғалімі – «Оқыту – адал, ойлы, жауапты тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.

🔹 Пленарлық отырыс барысында полиция майоры Зейнуллин Дамир Маратович жаңа оқу жылы қарсаңында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы баяндама жасады. Ол оқушылардың девиантты мінез-құлық себептері, құқықбұзушылық статистикасы және мектеп пен құқық қорғау органдарының өзара әрекеттестігінің маңыздылығына тоқталды.

🔹 Аудан әкімі атынан Ерлан Тимурұлы Сыздықпаев педагогтарды құттықтап, төмендегі ұстаздарға құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады:
• Қожанова Құралай Қиянбекқызы
• Назарова Сайрангүл Бітенбайқызы
• Мұқжанова Қуаныш Серікқызы
• Горбач Дмитрий Юрьевич

🔹 Сонымен қатар, Білім басқармасы атынан Ермуханова Инара Ибраимқызы сөз сөйлеп, келесі мұғалімдерді марапаттады:
• Меркер Нина Анатольевна
• Панияз Айжан
• Биндивальд Дмитрий Андреевич
• Дюсенов Руслан Сағындықұлы

🔹 Кеңес соңында қатысушыларға жылы лебіздер мен жаңа оқу жылында сәттілік тілектері жолданды.

🔹 Жаңа оқу жылы әрбір ұстаз үшін жарқын оқиғаларға, тың жаңалықтар мен жетістіктерге толы болсын! Барша педагогтарға шабыт, күш-жігер және кәсіби жоспарларды табысты жүзеге асыруға сенімділік тілейміз!

Просмотров: 1384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст