📌 2025 жылдың 27 тамыз күні Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қ. №2 жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдерінің тамыз кеңесі өтті.
Тақырыбы: «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН».
🔹 Бастауыш сынып қауымдастығының жетекшісі Нұрбала Жанар Жағыпарқызы 2025–2026 оқу жылына арналған ӘНХ-ты таныстырып, ерекшеліктерін түсіндірді.
🔹 Мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сабақтарын өткізді:
▪️ Маликова Мейрамгүл – «Заманауи әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолдану»
▪️ Шынар Манекей – «Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру»
▪️ Канафина Гүлдана Асанқызы – «Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін арттыру»
💬 Секция соңында ұстаздар өзекті мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын талқылады.
✨ Отырыстың барлық ұсыныстары хаттамаға енгізілді.