Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық-білім беру штабының жұмысы аясында 2021 жылы 28 мамырда «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ «Адал ұрпак» ерікті мектеп клубының оқушылары арасында диалог алаңы өтті, қатысқандар «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Н.Р.Полюх, Есіл ауданы әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің заңгері В.П.Пашкова, АББ құқық бұзушылықтың алдын алу жөнәндегі әдіскері Шарабака А.П., клуб жетекшісі А.Е.Глыгина.
Оқушыларға Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, оның мақсаттары мен міндеттері таныстырылды. Диалог алаңы барысында алдын алу мәселелері талқыланды: сыбайлас жемқорлық қоғамға және мемлекетке қандай зиян келтіреді? Сыбайлас жемқорлықпен күрестің қандай әдістері бар? Нақты жағдайлық тапсырмалар және оларды шешу жолдары қарастырылды.