"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы Хабарландыру 2025 жыл 12 желтоқсан

15.12.2025

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы

Хабарландыру

2025 жыл 12 желтоқсан

"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі" ММ балаларға қосымша білім берудің мынадай білім беру бағдарламалары бойынша балаларға қосымша білім беруге 2026 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын жариялайды:

- ғылыми-техникалық бағыт (бастапқы техникалық модельдеу; авиамодельдеу; автомодельдеу; судомодельдеу; ракетомодельдеу; робототехника; космонавтика; 3Д-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; картинг; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелердің инженерлік жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; құрастыру; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кинобейне жасау; желкенді іс; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; лего-құрастыру; спорттық радиомоделизм; авто ісі негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылыстарының технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік моделизм; шағын көлемді су көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыштық ғылым; рендеринг – физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашюттік дайындық; квадроциклдер; қарда жүргіштер; ағаш ұстасы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: құрастыру және бағдарламалау; ұлттық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-зертхана (СТЭМ-зертхана); ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған құрастыру; киберспорт ұшқышсыз ұшу аппараттары);

      - туризм және өлкетану бағыты (тау туризмі; су туризмі; жорық; жартасқа өрмелеу; бағдарлау; үңгір туризмі; велоспорт туризмі; шаңғы туризмі; сауықтыру туризмі; экологиялық туризм; өлкетану; туристік лагерьлер; этнографиялық, ауылдық туризм; ғылыми туризм; тур гидтер, географиялық өлкетану, тарихи өлкетану, экологиялық өлкетану, мұражайтану, ат туризмі, жас тау құтқарушы, жол іздеуші-құтқарушы, археология);

      - экологиялық-биологиялық бағыт (экология; орнитология; балық аулау; гүл өсіру; флористика; зоология (флора, түр құрамы, рациондар); жануарларды зерттеу; энтомология; өсімдік шаруашылығы; бау-бақша шаруашылығы; мал шаруашылығы; аквапоника; көкөніс шаруашылығы; қоян шаруашылығы; иппотерапия; ветеринария медицина; геология; ландшафттану; қоршаған ортаны зерттеуші; өндірістік экология; STEM зертханасы (зерттеу биологиясы, химия); гидропоника; экожурналистика; фитопатология;

      - көркемдік-эстетикалық бағыт (керамика, қыш бұйымдары ісі; модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін; кесте тігу; тоқыма тоқу; тігу, макраме; оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар); кілем тоқу; зергерлік өнер; ағаштан көркем кескіндеме; металға көркемдік кескіндеме; керамикаға көркем кескіндеме; былғарыны көркем өңдеу; металды көркемдік өңдеу; пирография, ағаш күйдіру, былғары, мата; киімді көркемдік үлгілеу; томбурлы кестелеу; ағашты көркемдік өңдеу; арт-терапия; сән дизайны қыш өнері, модельдеу);

      - әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика, медиа орталықтар; пікірсайыс қозғалысы; еріктілер қозғалысы; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер; интеллектуалды ойындар клубы);

      - гуманитарлық бағыт (тіл курстары);

      - жаратылыстану-математикалық бағыт (математикалық курстар).

 

 

Осы жобаға қатысқысы келетін ұйымдар 2024 жылғы 12-19 желтоқсан аралығында (қоса алғанда) білім бөліміне құжаттарды ұсынуы қажет (аумақтылығы бойынша – Есіл қаласы, Әуезов көшесі, 19):

1) Білім бөлімі басшысының атына "Ұлттық білім беру деректер базасы"ақпараттық жүйесіне енгізу туралы өтініш;

2) Бұйрықта көрсетілген нысан бойынша өтініш

3) Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмай ЖК қоспағанда, ұйым жарғысының көшірмесі (ереже, құрылтай шарты);

4) Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі;

5) Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері. Мемлекеттік ұйымдардың бағдарламаларын білім бөлімі бекітеді, аптасына 4 сағаттық жүктеме;

6) Тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтердің құжаттарының көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының көшірмесі, педагог пен осы ұйым арасындағы еңбек шарты)

7) Штат кестесінің көшірмесі, педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері;

8) Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) немесе жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;

9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы, бейнемұрағатты кемінде 30 тәулік сақтағанын растайтын құжат;

10) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған өрт кезінде эвакуациялау жоспарының сызбасы

"Ақмола облысы білім басқармасының  

Есіл ауданы бойынша білім бөлімі " ММ басшысы

Просмотров: 85


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст