09.02.2026
«Үздік психолог кабинеті» облыстық байқауының аудандық кезеңі
2026 жылғы 28 қаңтарда оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыруда психолог кабинетінің рөлін күшейтуге, кабинеттердің жабдықталу деңгейін бағалауға, сондай-ақ Ақмола облысының білім беру ұйымдарында еңбек ететін дарынды педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында «Үздік психолог кабинеті» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқау екі номинация бойынша өткізілді:
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үздік психолог кабинеті»
«Орта білім беру ұйымдарының үздік психолог кабинеті»
Байқау қорытындылары:
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үздік психолог кабинеті» номинациясы
І орын — Пажитнева Елена Петровна, педагог-психолог, Есіл қаласындағы «№ 3 «Балбөбек» бөбекжайы» МКҚК
ІІ орын — Тетеля Гүлжан Ибрагимқызы, педагог-психолог, Есіл қаласындағы ГККП «№ 1 «Гүлдер» бөбекжайы» МКҚК
«Орта білім беру ұйымдарының үздік психолог кабинеті» номинациясы
І орын — Аменова Людмила Владимировна, педагог-психолог, «Юбилейное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
ІІ орын — Слепцова Юлия Николаевна, «Ковыльное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
І орын иегерлері байқаудың облыстық кезеңінде аудан намысын қорғайды.
Сіздерге шығармашылық табыс, кәсіби шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!
