10.02.2026
🔹 Есіл ауданының психологиялық қызметі: диагностикадан нақты көмекке дейін 🔹
📅 2026 жылғы 10 ақпанда Zoom платформасында Есіл, Астрахан және Сандықтау аудандарының қатысуымен вебинар өтті.
Есіл ауданы атынан баяндама жасаған — Гришина Ирина Александровна, ауданның психологиялық қызметін үйлестіретін білім бөлімі әдіскері.
🔹 Іс-шара барысында Есіл ауданының педагог-психологтарының 5–11 сынып оқушыларына арналған Кимберли Янгтың «Интернетке тәуелділік шкаласы» әдістемесі бойынша жүргізілген диагностика тәжірибесі ұсынылды.
📌 Маңызды атап өту керек:
Есіл ауданының білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтар бірізді алгоритм бойынша жұмыс жүргізеді:
диагностика → талдау → алдын алу және түзету жұмыстары → отбасы және педагогтермен өзара әрекет → нәтижелерді мониторингілеу.
✨ Психологиялық қызмет — бұл тек диагностика ғана емес, әрбір балаға уақтылы көмек көрсету, алдын алу және кешенді психологиялық сүйемелдеу.