Текст
2026 жылғы 18 ақпанда Кокшетау қаласында Республикалық жас музыканттар байқауының облыстық кезеңі өтті.
Есіл қаласындағы балалар музыка мектебінің тәрбиеленушісі Костоева Луиза «Жеке орындаушылар» номинациясы (жоғары жас санаты) бойынша оқу орнын лайықты түрде таныстырып, екі турдың қорытындысы бойынша құрметті II орынға ие болды.
Луизаны және оның жетекшісі Курочкина Т.В.-ны жоғары нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! 🌟


