"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есеп

25.02.2026

1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-сі  және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары. Заңды мекенжайы: Есіл қаласы, Әуезов көшесі, 19.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2025 жылы Есіл ауданының білім беру саласында 27 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2025 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары тарапынан 2609 қызмет көрсетілді:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 11 қызмет;
электрондық форматта – 1350 қызмет;
қағаз түрінде – 1248 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;
«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;
«Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;
«Кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік ету үшін анықтамалар беру»;
«Он жасқа толған баланың пікірін ескеру туралы қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін беру».

2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім бөлімінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған,
сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтер тізілімі мен оларды көрсету қағидалары ұсынылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Білім бөлімінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарда TELEGRAM-бот баннері орнатылған.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:
Қазіргі уақытта заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. 2025 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар:
2025 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар тарапынан әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар тұрақты негізде жарияланып отырды. Халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру
1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді.
Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылған.
Сонымен қатар «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, онда 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2025 жылы қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілді.
Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта жалғасатын болады.
Instagram әлеуметтік желісінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тікелей эфирлер өткізілді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар туралы ақпарат:
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар тіркелген жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері:
Бекітілген бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдарда бақылау іс-шаралары өткізілді.
Анықталған жекелеген сәйкессіздіктер бақылау барысында жойылды.
Жалпы алғанда, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру перспективалары.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында 2026 жылға тиісті жоспарлар бекітілді. 2026 жылда мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жұмыстары жалғасатын бола

Просмотров: 295


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст