16.03.2026
2026 жылғы 25 ақпанда Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы «Үздік профориентатор» атты облыстық байқауын өткізді. Байқау кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіруде заманауи тәсілдерді жүзеге асырып жүрген шығармашыл педагогтарды қолдау және анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға облыс мектептерінің педагог-профориентаторлары мен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. Қатысушылар ұсынған байқау материалдарында өздерінің кәсіби-педагогикалық шеберлігін, жұмысының практикалық маңыздылығын, шығармашылық көзқарасын және инновациялық әдістерді қолдануын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша «Карьера навигаторы» номинациясында Есіл ауданы №1 жалпы білім беретін мектебінің педагог-профориентаторы Юсупова Жанна Завратовна ІІ орынға ие болды.
