31.03.2026
Бүгін Есіл ауданының педагогтері Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастырған облыстық вебинарда өздерінің кәсіби тәжірибесін лайықты деңгейде таныстырды.
Іс-шара барысында аудан мұғалімдері — Холод Наталья Александровна және Гирина Ольга Галлинуровна — білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, МОДО және PISA-ға дайындық, сондай-ақ биология пәнін оқытудың заманауи тәсілдері бойынша тиімді тәжірибелерін көрсетті.
Практикаға бағытталған тапсырмаларды енгізуге, оқушылардың сыни ойлауын дамытуға және білім беру үдерісінде цифрлық құралдарды қолдануға ерекше назар аударылды.
Есіл ауданы педагогтерінің баяндамалары мазмұнды әрі өзекті болды. Ұсынылған тәжірибе әріптестер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Осындай іс-шаралар кәсіби идеялармен алмасуға, білім сапасын арттыруға және педагогикалық шеберлікті одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.