Текст
14.04.2026
2026 жылғы 3 сәуірде Көкшетау қаласында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша Есіл қаласының №3 жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Нәби Жансая II орын алды /математика пәні мұғалімі -Аяпбергенова А.М./
Оқушы мен педагогті лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер тілейміз!
