14.04.2026
«ProEco» республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңіне ұсынылған материалдарды қарау қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
«Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» номинациясы бойынша:
I орын – Ақжол Айя, Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы;
II орын – Андращук Марина, Ақсай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы;
III орын – Альгаер Виктория, Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы.
«Үздік экологиялық бастама» номинациясы бойынша:
I орын – Каиржанова Наргиз, Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы;
III орын – Божкова Кира мен Кузнецова Софья, Ковыльный ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары.
«ProEco» ғылыми жобалар байқауы оқушылардың экологиялық мәдениетін, зерттеушілік қабілеттерін, шығармашылық ойлауын және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын дамытуға бағытталған. Ұсынылған жұмыстарда оқушылардың өзекті экологиялық мәселелерге қызығушылығы, практикалық шешімдер іздеуге ұмтылысы және белсенді азаматтық ұстанымы айқын көрініс тапты.
