20.04.2026
📢 2026 жылғы 17 сәуірде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Тәлімгер мен жас маман дуэті» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.
🎯 Байқаудың мақсаты — талантты, шығармашыл педагогтерді анықтау, тәлімгерліктің беделін арттыру және жас мамандарды кәсіби өсуге ынталандыру.
🏆 Байқау қорытындысы:
🥇 1 орын — Оразова Арайлым Асланқызы, Есіл қаласы №1 «Гүлдер»МКҚК балабақшасының тәрбиешісі.
Тәлімгері: Кокасова Адеми Қанагатқызы, қазақ тілі пәнінің оқытушысы.
🥈 2 орын — Саркубенова Айслу Амандыққызы, Есіл қаласы №1 «Гүлдер»МКҚК балабақшасының тәрбиешісі.
Тәлімгері: Әбдіқайырова Сандуғаш Көшербайқызы, тәрбиеші.
🌟 Облыстық кезеңге аудан атынан қатысады:
Оразова Арайлым Асланқызы.
👏 Қатысушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!