27.04.2026
2026 жылғы 24 сәуірде Атбасар ауданының педагог қызметкерлері үшін және 2026 жылғы 27 сәуірде Жарқайың ауданы педагогтері үшін Есіл ауданы педагогтерінің озық педагогикалық тәжірибесін тарату аясында өңірлік вебинарлар ұйымдастырылды.
Іс-шаралардың мақсаты — тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ оқу-тәрбие процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізу болып табылады.
Вебинар барысында Есіл ауданының педагогтері өздерінің практикалық тәжірибесін, әдістемелік әзірлемелерін және оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәсілдерін ұсынды:
🔹 Жуманова Дияна Нурлыбековна, педагог-модератор (еңбек өтілі — 8 жыл)
Тақырыбы: «Асық ойындары арқылы мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілетін дамыту»
🔹 Кокасова Адеми Канагатовна, педагог-эксперт (еңбек өтілі — 29 жыл)
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық құндылықтар арқылы мемлекеттік тілді үйрету жолдары»
🔹 Гирина Ольга Галинуровна, педагог-зерттеуші (еңбек өтілі — 29,8 жыл)
Тақырыбы: «Виртуалды ғылыми эксперименттер және цифрлық зертханалар»
🔹 Атаманчук Наталья Юрьевна, педагог-эксперт (еңбек өтілі — 11 жыл 8 ай)
Тақырыбы: «Оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту құралы ретінде “тірі кітапхана” құру»
🔹 Редько Наталья Александровна, педагог-эксперт (еңбек өтілі — 32 жыл 8 ай)
Тақырыбы: «Ағылшын тілі бойынша сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру — оқушылардың тұрақты мотивациясын қалыптастыру факторы»
🔹 Дудченко Иван Николаевич, педагог-эксперт (еңбек өтілі — 9,8 жыл)
Тақырыбы: «“Қазақстан тарихы” пәні бойынша 5-сыныпқа арналған бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы»
Вебинарға қатысушылар баяндамашылардың жоғары кәсіби деңгейін, ұсынылған тақырыптардың өзектілігін және олардың практикалық маңыздылығын атап өтті. Ұсынылған тәжірибе оң бағаланып, педагогикалық қауымдастық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
Мұндай педагогикалық тәжірибе трансляцияларын өткізу аудандар арасындағы кәсіби өзара байланысты дамытуға, тәжірибе алмасуға және білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.


