Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық-білім беру штабының жұмысы аясында 2021 жылы 18 маусымда «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Двуречный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне» КММ «Адал ұрпак» ерікті мектеп клубының оқушылары арасында диалог алаңы өтті, қатысқандар Есіл ауданы әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің заңгері В.П.Пашкова ,АББ құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі әдіскері Шарабака А.П.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы диалог алаңын қосымша білім беру педагогы, «Айқын» пікірталас клубының жетекшісі Г.С.Ахметбекова жүргізді.
Онлайн-кездесу барысында еліміздегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының өзекті тақырыптары қаралды, қатысушылар осы қылмыстың барлық ауырлығын көрсететін бейнероликті тамашалады. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысы және осы ұйым өкілінің өміріндегі бір күні көрсетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы нәтижелі әңгіме жүргізіліп, оған қатысушылар өз ойларын білдірді.