14.09.2026
2026 жылғы 4-11 қыркүйек аралығында Есіл ауданында «Үздік педагог – 2026» республикалық конкурсының аудандық кезеңінің конкурстық материалдарын бағалау өткізілді.
Конкурсқа ауданның білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатысып, өздерінің кәсіби жетістіктерін, жұмыс тәжірибесін және педагогикалық қызметінің нәтижелерін ұсынды.
Бағалау қорытындысы бойынша конкурстық комиссия аудандық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады.
I орын – Есіл қаласындағы «Болашақ» №2 бөбекжай-бақшасы» МКҚК музыкалық жетекшісі Шутова Ольга Юрьевна.
II орын – Сахарова Ютта Владимировна, «Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі және Телепанченко Людмила Анатольевна, «Ковыльный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі.
III орын – Бралинова Бакытжан Айтжановна, Есіл қаласындағы «Гүлдер» №1 бөбекжай-бақшасы» МКҚК тәрбиешісі және Умарова Асемгуль Темиргалиевна, Есіл қаласындағы «Гүлдер» №1 бөбекжай-бақшасы» МКҚК әдіскері.
Жинаған ұпайларының қорытындысы бойынша Шутова Ольга Юрьевна «Үздік педагог – 2026» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысуға ұсынылды.
Аудандық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Ольга Юрьевнаға облыстық кезеңде Есіл ауданын лайықты таныстырып, жаңа кәсіби жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!