ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ПЕДАГОГІ – ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!
21.11.2026
ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ПЕДАГОГІ – ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!
2026 жылғы 19 қазанда Ақмола облысында бастауыш сынып мұғалімдері арасында көркем жазудан облыстық байқау өтті. Байқауға облыстың 30 педагогі қатысып, өздерінің каллиграфиялық шеберліктері мен кәсіби дағдыларын көрсетті.
🥇 Байқау қорытындысы бойынша Есіл қаласының С. С. Сериков атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Соколова Рашида Агзамовна І орынды иеленді!
Бұл жеңіс – педагогтің кәсіби шеберлігінің, табандылығы мен еңбексүйгіштігінің айқын нәтижесі.
Жеңімпазымызды жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, кәсіби өрлеу және жаңа жеңістер тілейміз!
👏 Ауданымыздың педагогтерімен мақтанамыз!
Просмотров: 26