ИДЕЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ: ШАБЫТТАНДЫРАМЫЗ, ҮЙРЕТЕМІЗ, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСАМЫЗ!
21.11.2026
ИДЕЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ: ШАБЫТТАНДЫРАМЫЗ, ҮЙРЕТЕМІЗ, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСАМЫЗ!
2026 жылғы 20 қарашада №2 жалпы білім беретін мектеп базасында «Заманауи сабақ тәжірибесіндегі оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – озық тәжірибемен алмасу, инновациялық әдістемелермен танысу және педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.
Семинар аясында өз тәжірибелерімен бөліскен педагогтер:
1. Марина Дамбаулова – «Биобалдар және қызықты биология» атты сыныптан тыс іс-шара.
2. Томирис Наби – «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ЖИ құралдарын тиімді пайдалану» тақырыбындағы шеберлік сабағы.
3. Сакыпжамал Кожухова – «Математикалық хоккей» атты сыныптан тыс іс-шара.
4. Камшат Кенжесеитова – «Түсінуден жетістікке: бастауыш мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістері» тақырыбындағы шеберлік сабағы.
5. Ульяна Майорова – «Ағылшын тілі сабақтарындағы инновациялық әдістемелер» тақырыбындағы шеберлік сабағы.
6. Карлыгаш Булатова және Аймира Шаймерден – «Логопед пен дефектолог жұмысында ойын технологияларын кешенді қолдану» тақырыбындағы шеберлік сабағы.
7. Валерия Брондза – «Бірлесе отырып, біз көп нәрсеге қол жеткізе аламыз» тақырыбындағы тренинг.
💡 Семинар барысында жасанды интеллект құралдарын пайдалану, функционалдық сауаттылықты дамыту, инклюзивті білім беру, ойын технологиялары мен инновациялық оқыту әдістеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара педагогтердің кәсіби пікір алмасуына, жаңа идеялармен танысуына және білім беру үдерісінде қолдануға болатын практикалық тәсілдерді меңгеруіне мүмкіндік берді.
🤝 Барлық педагогтерге кәсібилігі, шығармашылық ізденісі және тәжірибе алмасуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!
✨ Сапалы білім – үздіксіз ізденіс, жаңашылдық пен кәсіби шеберліктің нәтижесі!