"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Үздік отбасылық қарым-қатынас клубы"

24.09.2021

 

 

    22 қыркүйекте "Отбасылық қарым-қатынастың үздік клубына" аудандық қашықтық байқауы өтті.

  Байқау отбасылық қарым-қатынас клубының жұмысын көрсету және ұйымдастыру (отбасылық клубтың үздік ұйымын анықтау) мақсатында өткізіледі.

 Байқаудың міндеттері:

- үздік отбасылық қарым-қатынас клубтарын анықтау;

- отбасылық бос уақытты ұйымдастырудың жаңа нысандарын дамыту және тарату;

- отбасын шығармашылық тұрғыдан іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;

- шығармашылық ынтымақтастық арқылы отбасын біріктіруге және отбасы ішіндегі қатынастарды үйлестіруге ықпал ету.

 Байқау бағдарламасы келесіні қамтыды:

- "Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік ұйымы"Клубының тұсаукесері.

(Отбасылық қарым-қатынас клубының қызметі туралы Портфолио)

- Көрме (клуб қызметі, әдістемелік әзірлемелер, фото-бейне материалдарды көрсету, шығармашылық жұмыстар және т.б.). (ұзақтығы 5-7 мин.бейнеролик).

Аудандық байқауға 5 отбасылық қарым-қатынас клубы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз  атанғандар:

Бас жүлде -  Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі;

I орын –Юбилейное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі;

II орын – Есіқ қаласы №1 жалпы орта білім беру мектебі;

III орын - Ақсай жалпы орта білім беретін мектебі.

Есіл қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектептің отбасылық қарым-қатынас клубы "Отбасылық қарым-қатынастың үздік клубы"конкурсының облыстық кезеңіне қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, отбасына амандық тілейміз! Барлық бастамалардағы жеңістер!

 

Просмотров: 411


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст