Өзін-өзі танудың үздік мұғалімі" аудандық байқауы
29 қазанда "Өзін-өзі тану" бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойынша үздік педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, өзін-өзі тану педагогтерінің еңбегін қолдау және беделін арттыру мақсатында "Өзін-өзі танудың үздік мұғалімі" атты аудандық конкурс өтті.
Конкурстың аудандық кезеңінде конкурстық тапсырмалар ұсынылды:
1. Педагог портфолиосы
2. Үздік сабақ (бейне жазу)
3. Педагогикалық жағдайды шешу (сұрақтар мен жауаптар онлайн форматта)
Тапсырмаларын бағалау ережелері мен критерийлеріне және сараптамалық комиссияның (қазылар алқасының)шешіміне сәйкес өзін-өзі танудың үздік мұғалімдері: Эйгерд Татьяна Анатольевна, Московское ауылының жалпы білім беру мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі , Печенкина Людмила Аркадьевна, Ковыльное ауылының жалпы білім беру мектебінің мұғалімі болды.
Еңбегі білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуына, олардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін меңгеруіне, асыл сенімдерін, мінездің лайықты қасиеттерін және қоғамдағы қарым-қатынастың пайдалы дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогтердің табандылығын, тәжірибесі мен шеберлігін атап өткен қажет.
Қатысушыларға үлкен рахмет! Гүлдену, өркендеу және жұмыстарына сәттілік тілейміз!