Текст
2021 жылғы 28 желтоқсанда «Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ Есіл ауданы мектептерінің оқушылары арасында «Үздік жаңа жылдық костюм» аудандық сырттай байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырды.
Сондай - ақ, осы іс-шара аясында Есіл ауданы прокуратурасының аға прокуроры Б.М. Тургабуловтың атынан прокуратура қызметкерлері әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 3 баланы құттықтап, тәтті сыйлықтар табыс етті.
«Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Есіл ауданы білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы А.К. Ашеновке есте қаларлық сыйлықтар түрінде балаларға жеткізілген қуаныш сыйлағаны үшін үлкен алғыс білдірді.