"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КОНКУРС «Есіл ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

01.04.2019

КОНКУРС

 

 

«Есіл ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Ақмола облысы Есіл ауданы білім беру бөлімінің Есіл қалалық № 1 орта мектебі» КММ;

«Ақмола облысы Есіл ауданы білім беру бөлімінің Есіл қалалық Сайлау Серіков атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» КММ;

«Ақмола облысы Есіл ауданы білім беру бөлімінің Заречный орта мектебі» КММ;

«Ақмола облысы Есіл ауданы білім беру бөлімінің Красивый орта мектебі» КММ;

«Ақмола облысы Есіл ауданы білім беру бөлімінің Курский орта мектебі» КММ;

«Ақмола облысы Есіл ауданы білім беру бөлімінің Орловка орта мектебі» КММ;

«Ақмола облысы Есіл ауданы білім беру бөлімінің Сұрған орта мектебі» КММ

 директорының  бос  лауазымына орналасуға  конкурс жариялайды.

 

Лауазымға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білімі, педагогикалық еңбек өтілі кемінде бес жыл және басқарушылық қызметінде 1 жылдан кем емес, шағын жинақталған мектепке педагогикалық еңбек өтілі үш жылдан кем емес, басқарушылық қызметінде еңбек өтілі қажеті жоқ.

Орта білім беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымын оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Педагогикалық және әдістемелік кеңестермен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыруды ұйымдастырады.Жұмыс жоспарын, жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Жаппай оқумен қамту заңына сәйкес бекітілген учаске бойынша балаларды жалпыға міндетті оқумен қамтамасыз етеді. Білім беру қызметін жүргізу құқына арналған лицензияға сәйкес оқушылардың, тәрбиеленушілердің санын қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік қорғауын қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие үрдісі уақытында білім беру ұйымының оқушылары мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне қажетті жағдай туғызады. Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында олардың тамақтануы мен медициналық қызмет көрсетілуін бақылау мен жұмысын ұйымдастырады. Заңнамалармен бекітілген шекте білім беру ұйымының мүлкіне және қаржысына өкімдік етеді, құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаржысының түсуі мен шығындауы туралы жыл сайын есеп береді.

            Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуы мен толығуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына жауап береді.

            Педагогикалық карлар мен қосалқы қызметкерлерді іріктеуді және қоюды жүзеге асырады,басқару құрылымын, штаттық кестені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігінің артуына жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымы атынан сөйлейді, қажетті есеп берудің дайындалуын және ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Қызметтік жалақы мөлшері: еңбек еткен жылдарына байланысты 80521-ден 118791 теңгеге дейін.

Конкурс      

      "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" ҚР білім және ғылым Министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 және «Орта білім беру мемлекеттік ұйым басшыларын алмастыру конкурсына қатысу үшін құжат тапсыру» 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 мемлекеттік стандарты негізінде  жүргізіледі.

Конкурс төрт кезең арқылы өткізіледі:

1. конкурсқа қатысушының біліктілігін бағалау;

2. мектептің Қамқоршылық кеңесімен  кандидаттарды келісу (бұдан әрі-қамқоршылық кеңес);

3.облыстық білім басқармасы органдарымен үміткерлерді келісу,  тестілеу;

4.конкурстық комиссия отырысында үміткерлермен әңгімелесу ;

Үміткерлер Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР "Білім Туралы" Заңын, ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, сондай-ақ педагогика және психология негіздерінен тест тапсырады. Тестілеуден өту кезінде үміткерге заң және жоғарыда көрсетілген нормалар білуге арналған 90 сұрақ ұсынылады. Тестілеуден өту үшін әрбір бағыты бойынша шекті деңгей 50% - ын құрайды.
   Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландырудың «Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі» ММ  интернет ресурстарында  соңғы жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жай бойынша:   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына - Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыру. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімдемесі:

  1. Тіркелген орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсете отырып конкурстық комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Еңбек кітапшасының көшірмесі;
  5. Фотосуретімен қоса кадрлық есеп жүргізу жөніндегі жеке парақ
  6. Марапаттары мен жазаларын көрсете отырып алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  7. Біліктілік санаты  немесе ғылыми дәрежесі болуы туралы құжат көшірмесі;
  8. Медициналық тексеруден  өткендігі туралы құжат, ҚР денсаулық Министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 «Денсаулық сақтау ұйымдарында бастапқы медициналық құжаттардың нысанын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді бекітудің бірыңғай Реестрде тіркелген №6697) нысан бойынша.
  9. Сотталмағаны туралы анықтама
  10. Тестлеуден өткендігі туралы анықтама (бар болған жағдайда)
  11. Мектептің даму жоспары

 

        Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың көшірмелері ұсынылған нотариалды немесе жұмыс орындағы кадр қызметімен куәландырылады.

Анықтама үшін телефондар: 8 (716 47) 21-4-86 факс,  8 (71647) 21-1-46       

 

 

«Ақмола облысы Есіл ауданының

 білім беру бөлімі»ММ басшысы                                                                            Н.Саматов

Просмотров: 5138


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст