"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

География пәні мұғалімдерінің съезі

12.04.2022

2022 жылғы 9 сәуірде Түркістан қаласы Қожа Ахмет Яссауи университетінің алаңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың қатысуымен география пәні мұғалімдерінің республикалық съезі өтті.

   Форум тақырыбы: географиялық білім берудегі заманауи көзқарастар мен тәсілдер.

    Ақмола облысынан 21 педагог қатысты, оның ішінде "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы Красивое ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ география пәнінің мұғалімі Биндивальд Ольга Николаевна қатысты.

   Съезд жұмысы барысында географиялық білім берудің өзекті мәселелері: МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу жетістіктерін бағалау, қорытынды аттестаттау, ғылыми жобалау қызметі, география мұғалімдерін даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері көтерілді.

    Секциялар жұмысының қорытындысы бойынша келесі ұсынымдар қабылданды, олар одан әрі пленарлық отырыста айтылды.

 

Просмотров: 447


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст