"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Форум историков!

13.04.2022

 Облыстық тарихшы мұғалімдердің  І форумы бойынша есеп

2022 жылдың 1 сәуірі күні  Көкшетау қаласында өткен     « Мектептегі тарихи білім: жағдайы, мәселелері, болашағы» деп аталатын  І облыстық тарих пәні мұғалімдерінің форумы болып өтті.

Форум жұмысы секциялық және пленарлық отырыс кезеңдерінен тұрды. Секциялық отырыс 4 аудиторияға бөлініп, бірінші секциялық отырыс бағдарламасы «Мектептегі тарихи білім берудің мазмұны» деп аталды. Онда тарихи білім мазмұны, Қазақстан тарихын мектепте оқыту мәселелері,  тарих сабағында оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру үлгілері сияқты пән мұғалімдеріне қажетті  мәселелер талқыланды.

Секция барысында өз баяндамасын оқыған  Гостик Валентина Викторовна  өлкетану мәселесіне мән бере отырып, жергілікті жердің тарихын зерттеу, зерделеу мәселесіне назар аударды. Ал,  оқушылардың сабақта қызығушылығын арттыруға бағытталған тапсырмалар даярлау, пәнге деген қызығушылықты арттыру бойынша жаңаша әдістерін ортаға салған Анацкая Ирина Геннадьевна жиналған мұғалімдердің көңілінен шығатын шеберлік сағатын ұсынды.

Жаңартылған бағдарлама бойынша оқу мақсаттарын жүзеге асыратын тапсырмалар даярлау әдісін ұсынған  Искакова Гулдана Бекбулатованың әдістері де мұғалімдерге ой саларлық әдістер болып табылды.

 Республикалық тарихшы мұғалімдердің І съезінде шешімін тапқан  және ұсынылған мәселелер туралы сөз еткен бұл форум жұмысы   облыстық білім басқарамасы  басшысы Жусупов Бейбіт Айтымұлының қорытындылауымен аяқталды.

Просмотров: 2520

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст