"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін Есіл ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Саматовтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

13.04.2022

Бүгін Есіл ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Саматовтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Есіл ауданы прокуратурасының "Заңдылықтың бұзылуын жою туралы" ұсынымы бойынша комиссия хатшысы Данияр Фазилов, Есіл аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлнар Сәрсембаева, АПБ ЖПҚБ бастығы Дамир Зейнуллин, Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің басшысы Никита Полюх, Агротехникалық колледж директорының орынбасары Оксана Сарнавская баяндама жасады;
- "Ақмола облысы ІІД Есіл ауданының полиция бөлімі" ММ-нің, ақша ұрлаған 2009 жылы туған жас балаға қатысты ұсынысы;
- "Ақмола облысы ІІД Есіл ауданының полиция бөлімі" ММ-нің, 1992 жылы туған азаматшаны оның жас балаларына қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы ұсынысы;
- Аудан аумағында балалардың жол-көлік жарақаттануының жай-күйі және балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы АПБ ЖПҚБ бастығы Дамир Зейнуллин, Есіл қаласы №1 ОМ директоры Инна Пристайчук, Есіл қаласы №2 ОМ директоры Елена Челюбеева, Есіл қаласы С. Серикова атындағы ОМ директорының м. а. Снежана Вашурко, Есіл қаласы №3 ОМ директорының м.а. М.А. Нұржау Суслыққызы баяндама жасады.

 

Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст