"Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі- 3 (үш) жұмыс күні
Керек құжаттардың тізбесі:
1) баланың (балалардың) заңды өкілінің біреуінің кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік етуге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұбайының (зайыбының) нотариус куәландырған келісімінің электрондық көшірмесі не баланың (балалардың) жеке тұратын заңды өкілінің келісімі (ата-анасының біреуінің балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі: қайтыс болуы туралы куәлік, ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-аналарды хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, туу туралы анықтама және т. б. (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда);
4) заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (нотариустен) (заң бойынша мұрагерлікке құқық алған жағдайда);
5) мүліктің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (тиісті ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
6) осы бұйрықпен бекітілген отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес бала (балалар) (он жасқа толған жағдайда) пікірінің электрондық көшірмесі.