21 сәуірде Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасының "Рухани жаңғыру" тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасындағы балалар жылы аясында жыл сайынғы "Атамекен" өлкетану форумын қашықтықтан өткізді.
Байқаудың мақсаты білім алушылардың назарын туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасына, оны сақтау қажеттілігі мен әрбір адам үшін осы мұраның құндылығына аудару; өз өлкесінің тарихын, оның мәдени өткенін, көрікті жерлерін, ескерткіштерін, тамаша адамдардың өмірбаяндарын зерделеу бойынша білім алушылардың ғылыми – зерттеу және іздестіру жұмыстарын жандандыру; өлкетану қызметінде тәжірибе алмасу, оқушылардың кәсіби бағдары болды.
Байқау бағдарламасы үш номинациядан тұрды, олар бойынша қатысушылар өз жұмыстарын жіберді. "Сүйікті қаланың (ауылдың) алтын қырлары" номинациясында өлкетану тақырыбына фотосуреттер, коллаждар қабылданды. "Өз тарихыммен мақтанамын" номинациясы бойынша өлкетану және экологиялық тақырыпта ғылыми жобалар, зерттеу жұмыстары қабылданды. "Олар Тарих жасайды" номинациясында - Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан, өмір жолы мен табысы үлгі болатын нақты адамдардың мысалдарында қоғамда табыстылық идеяларын, бәсекеге қабілеттілік қағидаттарын, прагматизм мен білімге табыну идеяларын танымал етуге және ақпараттық ілгерілетуге бағытталған бейнероликтер. Байқауға аудан және қала мектептерінен 20 қатысушы қатысты. Орындар келесідей бөлінді:
- "Сүйікті қаланың (ауылдың) алтын қырлары" номинациясында – I дәрежелі диплом-Берген Анастасия (Қаракөл НМ), Сатвалдинова Малика (Қаракөл НМ). II дәрежелі Диплом-Суфияров Ильдар (Курск НМ), Сосновский Сергей (Свободный НМ). III дәрежелі Диплом-Дехтерева Кристина (Орел ОШ) және Губаревич Анастасия (Орел ОШ).
- "Олар Тарих жасайды" номинациясында – І дәрежелі диплом-Амангелді Көпжесаров (Курск НМ), ІІ дәрежелі диплом – Кристина Дехтерева (Орлов НМ), ІІІ дәрежелі диплом – Наталья Коломоец (Двуреченск НМ) және Айша Башимбаева (Серикова НМ).
Ғылыми жобалар номинациясында және қалған барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Қатысушыларға және олардың жетекшілеріне ұсынылған жұмыстары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз, шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!