"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

объявления отдел образования по ДО

24.10.2019

Конкурс

 

 

«Есіл ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі,  меңгерушісінің бос  лауазымына орналасуға  конкурс жариялайды:

«Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы  « Есіл қаласы № 2 «Болашақ» бөбек балабақшасы» МКҚК;

«Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы « Есіл қаласы № 3 «Балбөбек»  бөбек балабақшасы» МКҚК;

«Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы  «Балдаурен»  бөбек балабақшасы» МКҚК;

«Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы «Айналайын»  бөбек балабақшасы» МКҚК.

Лауазымға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан, ауылдық жерде 3 жылдан кем болмауы тиіс.

 Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

      Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

 Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Қызметтік жалақы мөлшері: еңбек еткен жылдарына байланысты 78398-ден 95033 теңгеге дейін (ауылдық елді мекендегі мамандарға 25 %  қызметтік еңбеуақысына) .

Конкурс Қазақстан Республикасының Үкіметінің  2011 жылғы 18 қарашадағы №1353   Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысын  тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Ережесі  негізінде жүргізіледі.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны нақты конкурс бойынша біліктілік бағалау жүргізілгеннен кейін 10 күнтізбелік  күн  ішінде «Есіл ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінде  өтеді.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландырудың «Есіл ауданының білім беру бөлімі» ММ ресми сайтында   соңғы жарияланған сәтінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша: Есіл  қ. Достық  көшесі  1  (пошта индексі 020900) ұсынылуы қажет.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімдемесі:

  1. Тіркелген орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсете отырып конкурстық комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
  2. Мемлекеттік және орыс тілінде толтырылған түйіндеме;
  3. Өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
  6. Медициналық тексеруден  өтуі туралы құжат
  7. Сотталмағаны туралы анықтама

 

  Анықтама  телефондары:   8 (71647) 21-1-46.   

 

 

Басшы                                                                                                                      Н.Саматов

 

 

 

 

Просмотров: 5037


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст