"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Үздік педагог" байқауының аудандық кезеңі 2022 жылдың 23 қыркүйегінде өткізіледі

05.09.2022

"Үздік педагог" байқауының аудандық кезеңі 2022 жылдың 23 қыркүйегінде өткізіледі

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін қатысушы Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды форматта мынадай құжаттарды (материалдарды):

1) оқыту тіліндегі портфолионы (педагог портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады);

2) сабақ (оқу) жоспарын ұсына отырып, ұзақтығы 7 (жеті) минут бейнесабақ (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), ұзақтығы 15 (он бес) минут бейнесабақ/оқу (орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес озық педагогикалық тәжірибені (ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі бейнеролик) трансляциялауды;

3) Министрлік айқындайтын тақырыптағы 500 (бес жүз) сөзден аспайтын эссені қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға өтінім береді

 

 

 «Үздік педагог»  байқауы туралы ереже.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Үздік педагог» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) өткізілген конкурстың (бұдан әрі - Конкурс) қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне «Үздік педагог» атағын беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  1. апелляциялық комиссия – Конкурстың нәтижелерін қайта қарау үшін республикалық, облыстық, қалалық/аудандық деңгейлерде (республикалық маңызы бар қалаларда және астанада) құрылатын комиссия (бұдан әрі - Апелляциялық комиссия);
  2. өңірлік конкурстық комиссия – Конкурстың әрбір кезеңінің жеңімпаздарын айқындау және Конкурстың келесі кезеңіне қатысу үшін ұсынымдар беру үшін облыстық, қалалық/аудандық деңгейлерде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен астанада құрылатын комиссия (бұдан әрі – Өңірлік комиссия);     
  3. педагог портфолиосы – педагогтің білім беру қызметіндегі жеке және кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижелері, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы (электронды парақша);
  4. республикалық конкурстық комиссия – Конкурс жеңімпазын айқындау және оған «Үздік педагог» атағын беру үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құратын комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия).

 

 

2-тарау. «Үздік педагог» атағын беру тәртібі

3. «Үздік педагог» атағы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жыл сайын конкурстық негізде беріледі.

4. «Үздік педагог» атағы бір педагогке он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

5. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын және Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады (бұдан әрі – Конкурсқа қатысушы).

6. Министрлік Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды Конкурстың
I кезеңін өткізу басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын Министрліктің ақпараттық жүйесіне орналастырады.

7. Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі.

1) І кезең – аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгей;

2) ІІ кезең – облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) деңгей;

3) ІІІ кезең – республикалық деңгей.

8. Конкурстың І кезеңін өткізу туралы хабарландыруды ауданның/қаланың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) білім бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) аудан (қала) аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Бөлімнің Интернет-ресурсында Конкурстың І кезеңін өткізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын орналастырады.

9. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Конкурс қатысушылары өздері құжаттарды (материалдарды) Министрліктің ақпараттық жүйесіне жүктейді.

10. Ұсынылған құжаттарда (материалдарда) плагиат анықталған жағдайда Комиссия педагогке Конкурстың келесі кезеңінен шеттетілгені туралы хабарлайды. Еркін нысанда хабарлама педагогтің жұмыс орны бойынша білім беру ұйымына жіберіледі.

 

 

1-параграф. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының I кезеңін өткізу тәртібі

 

11. Конкурстың I кезеңі ағымдағы жылғы қыркүйекте өткізіледі, онда ІІ кезеңге қатысу үшін Конкурстық комиссия ұсынған аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

12. Конкурстың І кезеңі педагогтерінің құжаттарын (материалдарын) бағалау үшін Бөлім басшысының бұйрығымен аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде Өңірлік комиссия құрылады.

13. Өңірлік комиссия аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) Бөлімнің қызметкерлері, педагог-шеберлер, педагог-зерттеушілер, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздары, әдістемелік қызметтер, білім беру саласындағы ғылыми және талдамалық ұйымдардың қызметкерлері (сарапшылары), сондай-ақ білім беру саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан қалыптастырылады.

14. Өңірлік комиссия мүшелерінің саны кемінде тоғыз адамды құрайды. Өңірлік комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі.

15. Өңірлік комиссияның төрағасы мен төраға орынбасары Өңірлік комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Өңірлік комиссияның хатшысы кадр қызметiнiң өкiлi болып табылады және ауданның, қаланың (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) бiлiм берудi басқару органының актiсiмен тағайындалады, Өңірлік комиссияның хатшысы оның мүшесi болып табылмайды және шешiмдер қабылдау кезiнде дауыс беруге құқығы жоқ.

16. Өңірлік комиссия Конкурстың І кезеңінің қатысушыларының конкурстық құжаттарын (материалдарын) бағалайды.

17. Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін қатысушы Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды форматта мынадай құжаттарды (материалдарды):

1) оқыту тіліндегі портфолионы (педагог портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады);

2) сабақ (оқу) жоспарын ұсына отырып, ұзақтығы 7 (жеті) минут бейнесабақ (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), ұзақтығы 15 (он бес) минут бейнесабақ/оқу (орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес озық педагогикалық тәжірибені (ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі бейнеролик) трансляциялауды;

3) Министрлік айқындайтын тақырыптағы 500 (бес жүз) сөзден аспайтын эссені қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға өтінім береді.

18. Конкурстың І кезеңін бағалау тетіктері:

1) Өңірлік комиссиялардың мүшелері үш адамнан топтарға бөлінеді;

2) Конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттар (материалдар) кездейсоқ іріктеу әдісімен Өңірлік комиссияның қалыптастырылған топтары арасында бөлінеді;

3) топ мүшелері өз тобына бөлінген Конкурсқа қатысушылардың әр портфолиосын бағалайды;

4) бағалауды Өңірлік комиссияның барлық мүшелері жеке және бір-біріне тәуелсіз осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес жүргізеді;

5) Өңірлік комиссия тобының әрбір мүшесінің балдары осы топтың басқа мүшелері қойған балдармен жинақталады және қойылған балдардың орташа арифметикалық мәні шығарылады;

6) Конкурсқа қатысушылар алынған балдардың орташа арифметикалық мәні негізінде сараланады;

7) Өңірлік комиссияның отырысында Конкурсқа қатысушылардың орташа арифметикалық балға сәйкес сараланған қорытынды балдары есептеледі, осының негізінде Өңірлік комиссия шешім қабылдайды;

8) Конкурсқа қатысушылардың балдары тең болған жағдайда шешім
Өңірлік комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады;

9) Өңірлік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

19. Конкурсқа қатысушы Өңірлік комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда Аппеляциялық комиссияға шағым жасайды. Егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, Өңірлік комиссияның шешіміне сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

20. Өңірлік комиссия шешімінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 5-ке дейін Конкурсқа қатысушы Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздары болады. 

21. Конкурстың І кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қала) аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ Министрліктің ақпараттық жүйесінде  орналастырылады.

22. Конкурс қорытындылары бойынша Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздарына Өңірлік комиссия шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде Конкурстың І кезеңінің жеңімпаздарына ауданның, қаланың (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) «Үздік педагог» атағы беріледі және куәлік тапсырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларына 

1-қосымша

 

 

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысуға

ӨТІНІМ

 

 Мені конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 

 Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

 

1.

Жұмыс орны

 

 

2.

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

3.

Туылған күні (күні, айы, жылы)

 

 

4.

Лауазымы

 

 

5.

Педагогикалық өтілі

 

 

6.

Лауазымдағы жұмыс өтілі

 

 

7.

Білімі (қай оқу орнын, факультетті, қай жылы бітірді)

 

 

8.

Біліктілік санаты

 

 

9.

Индексі бар үй мекенжайы

 

 

10.

Жеке куәліктің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, жеке сәйкестендіру номері)

 

11.

Байланыс телефоны (үй, ұялы), электрондық пошта

 

 

12.

Наградалар, көтермелеулер (награданың, көтермелеудің атауы)

 

  

Өтінімді толтыру күні ________________________________

 

Конкурсқа қатысушының жеке қолы_____________________

 

Білім беру ұйымы басшысының қолы________________________________

Мөр орны

                                                                                                      

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларына 

2-қосымша

 

 

Педагогтің портфолиосы

1. Педагог туралы жалпы мәліметтер.

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), міндетті түрде 3х4 көлемінде фотосурет салынған;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

жұмыс орны куәландырған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

еңбек өтілі (еңбек және педагогикалық);

білімі (білімін растайтын құжаттардың көшірмелері);

білім беру ұйымдарының басшылары куәландырған педагогке арналған ұсыным (болған жағдайда) немесе өзге де ұсынымдар (міндетті түрде);

біліктілікті арттыру (сертификаттар мен куәліктердің соңғы 5 (бес) жылдан аспайтын көшірмелері);

марапаттары (грамоталардың, мақтау қағаздарының, алғыс хаттардың, төсбелгілер куәліктерінің, үкіметтік және мемлекеттік наградалардың көшірмелері);

педагогтерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы педагогикалық ұйымдарының, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастық өкілдерінің, оқушылардың (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық жұртшылық өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, халықаралық деңгейдегі дипломдар) тануы; қоғамдастыққа ықпалы (бұқаралық ақпарат құралдарында тануы, қайырымдылық ұйымдарына мүшелік); оқушылар мен тәрбиеленушілердің құндылықты білім алуын дамыту, басқа елдердің білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық, оқушылармен алмасу жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу;

Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты.

2. Педагогикалық қызмет мониторингі:

білім беру ұйымының басшысы растаған білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) соңғы 3 (үш) жылдағы білім беру жетістіктері мониторингінің нәтижелері (болған жағдайда);

педагогтің соңғы 3 (үш) жылдағы олимпиадаларға, кәсіби, шығармашылық конкурстарға және спорттық жарыстарға қатысуы туралы мәліметтер (тиісті сертификаттармен, грамоталармен, дипломдармен расталады);

білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) соңғы 3 (үш) жылдағы олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарындағы (ғылыми жарыстардағы), шығармашылық конкурстардағы және спорттық жарыстардағы жетістіктері (тиісті сертификаттармен, грамоталармен, дипломдармен расталады).

3. Ғылыми-педагогикалық қызмет бойынша ақпарат:

педагогикалық тәжірибені жинақтау (авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, оларға хаттамалардың үзінділері (болған жағдайда), педагог қатысқан семинарлар, конкурстар, дөңгелек үстелдер, фестивальдар, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату);

зерттеу қызметі (ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша мақалалар жариялау, шығармашылық есептер, ғылыми-практикалық конференциялардағы баяндамалар туралы мәліметтер);

білім беру және педагогикалық жобаларды іске асыру бойынша материалдар (бар болса);

педагогтің сараптамалық немесе жобалау қызметі, TV сабақтарын түсіруге қатысу (сертификаттар, анықтамалар немесе бұйрықтар, сараптамалық және жұмыс топтарына, TV сабақтарын түсіруге қатысатынын растайтын TV сабағына сілтеме);

тәрбие жұмысының және сабақтан тыс іс-әрекет бағыттары бойынша материалдар («Оқу мектебі» жобасы бойынша, «Дебаттық қозғалыс», «Мектепшілік/студенттік өзін-өзі басқару» жобасы бойынша, кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша, экологиялық, еңбек, адамгершілік тәрбие және ата-аналармен өзара іс-қимыл бойынша материалдар);

волонтерлік қызмет, соңғы 3 (үш) жылда қайырымдылық іс-шараларына қатысу (web-ресурстарда және әлеуметтік желілерде ақпаратты тұрақты орналастыру, балаларды тегін оқыту - растайтын құжаттарды, Министрліктің ақпараттық жүйесінде сілтемелерді тіркеу).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларына

 3-қосымша

 

 

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу

үшін қатысушылар жіберген озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау жобасы бойынша бейнесабақтарға/оқуларға және бейнероликтерге қойылатын талаптар мен техникалық шарттар:

 

1. Конкурсқа конкурс тақырыбына сәйкес бейнесабақтар (бейнеоқулар), бейнероликтер ұсынылады.

2. Ең төменгі ажыратымдылық - 720x480 (12: 8 см).

3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін бейне сабақтың ұзақтығы – 7 (жеті) минут.

4. Орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін бейнесабақтың (бейнеоқудың) ұзақтығы – 15 (он бес) минут.

5. Үздік тәжірибелерді тарату бойынша бейнероликтің ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейін. Мұғалімнің атымен ақпараттық экранды безендіру. Бейнероликті монтаждау және түсіру кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды пайдалану (педагогтің қалауы бойынша). Қатысушылар бейнеролик жанрын өздері айқындайды (репортаж, бейнеклип). Бейнероликтің дыбысталуы бірінші тұлғадан (конкурсқа қатысушыдан) бейнеленеді. Бейнероликті монтаждауда арнайы бағдарламаларды, құралдарды, суреттерді, бейне фрагменттерді, арнайы эффектілерді, сыртқы тыңдауды пайдалануға болады. Конкурсқа тақырыпқа сәйкес келмейтін, басқа адамдардың қадір-қасиетін және сезімдерін қорлайтын жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды. Бейнероликтің мазмұны үздік тәжірибелерді трансляциялау жолдары мен әдістерін көрсетеді.

6. Бейнесабақтың (бейнеоқудың) фрагменті, сондай-ақ үздік тәжірибелерді тарату бойынша бейнеролик Министрліктің ақпараттық жүйесіне сілтеме жасай отырып, YouTube (ютуб) Бейне платформаларына жүктеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 412


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст