"Менің шағын Отаным" атты V Республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінің ақпараты.
2022 жылдың 13-15 қазан күндері Көкшетау қаласында өткен 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылар"Менің шағын Отаным" атты V Республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңіне ауданымыздың намысын қорғап 4 оқушы қатысты:
Түгел Кінәзия - №3 ОМ 10 сынып оқушысы;
Қабидолла Құралай - №3 ОМ 10 сынып оқушысы;
Башинский Даниил – Аксай ОМ 9 сынып оқушысы;
Плакида Алижан – Есіл қаласының С.Сериков атандығы ОМ 9 сынып оқушысы.
Екі күнге созылған тартысты білім бәйгесінде "Менің кішкентай Отанымның болашағы" номинациясы бойынша Есіл қаласының №3 жалпы білім беретін мектебінің 10- сынып оқушысы Түгел Кінәзия 1-орынға ие болды.
Сондай-ақ "Менің кіші Отанымның " тарихы номинациясы бойынша Қабидолла Құралай 2- орынды қанжығамызға байлады.
Таяу күндері Республикалық кезені Тараз қаласында өтетін.
" Менің шағын Отаным" конкурсының республикалық кезеңіне Ақмола облысының намысын қорғап, білімділер бәйгесіне қатысып, бақ сынайтын оқушымыз. Түгел Кінәзияға сәттілік пен жеңіс тілейміз.