«Менің кіші Отаным» конкурсына қатысу туралы ақпарат
«Менің кіші Отаным» жас тарихшылар конкурсының Республикалық кезеңі 9-10 сынып оқушылары арасында 2022 жылғы 1-7 қараша аралығында Тараз қаласында өтті. Облыстық кезеңнің жүлдегерлері Республикалық кезеңге қатысты, «Болашақ қаласы» номинациясы бойынша Есіл ауданынан Ақмола облысын №3 орта мектептің 10 сынып оқушысы Түгел Кіңәзия таныстырды. Республикалық кезеңде Түгел Күңәзия ҚР Білім Министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталды. Жетекші міңдетің атқарған «Есіл қаласының №3 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі Панияз Айжан.
Мұғалім мен оқушыны жетістіктері мен көрсеткішітері, дайындық деңгейі үшін құттықтаймыз! Сізге денсаулық пен шығармашылық жеңістер тілейміз!
Әдіскер Мусина А. С.