"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есиль «Жас ұстаз-ел болашағы»

08.11.2022

«Жас ұстаз-ел болашағы»

         2022 жылдың 4 қарашасында сырттай форматта «Жас ұстаз-ел болашағы» атты конкурсы өтті.

         Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- педагог мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды ынталандыру, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда мүмкіндіктерді кеңейтетін стандартты емес педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды іздеу;

- олардың кәсіби шеберлігінің өсуі, қоғамдағы білім беру басымдықтарын бекіту және өскелең ұрпақ арасында педагог мамандығын дәріптеу.

Конкурсқа 29 жасқа дейінгі педагогтар қатысты.

         Қатысушылар ұсынылған презентацияларды таныстырды:

- педагог қызметінің негізгі аспектілері;

- нақты мысалда өз жұмысының негізгі идеясы;

- білім алушылардың оң әлеуметтік тәжірибе алуына жағдай жасау;

- жас педагогтың өзіндік әдістемелік жүйесін көрсетті;

- өзінің кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

         Конкурс нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:

         1 орын иегері -Бондаренко Диана Петровна- «Орловка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;

         2 орын иегері -Чуфаров Алексей Ярославович «Заречное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі;

         3 орын иегері-Советхан Рыс «Московское ауылының жалпы білім беретін мектебі»КММ ағылшын тілі мұғалімі;

         Конкурсқа қатысқаны үшін Шорманғалиев Нұрболат Аманжолұлы- « Есіл қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі мен Жакина Айсұлу Абугалиевна – «Знаменка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мектепалды даярлық мұғалімі грамоталармен марапатталды.

        

 

 

 

Зав.Рмк                                                      Д. Хангишиева

Просмотров: 2658


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст