"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы

21.12.2023

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы

Хабарландыру

2023 жыл 21 желтоқсан

"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі" ММ балаларға қосымша білім берудің мынадай білім беру бағдарламалары бойынша балаларға қосымша білім беруге 2024 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын жариялайды:

-ғылыми-техникалық бағыт (бастапқы техникалық модельдеу; авиа модельдеу; авто моделдалдау; судо модельдеу; зымыран модельдеу; робототехника; космонавтика; 3Д-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелерді инженерлік жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; жобалау; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кино видео шығармашылық; желкенді іс; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; лего-конструкция; спорттық радио модельдеу; автолық негіздер; архитектуралық модельдеу; сәулет құрылыстарының технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік модельдеу; шағын көлемді су көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыш ғылымы; рендеринг-физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашютық дайындық; квадроциклдер; қарда жүретін көліктер; ағаш ұстасы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: жобалау және бағдарламалау; халық қолөнері; жас құтқарушы; STEAM-зертхана (СТЭМ-зертхана); ЕББҚ бар балаларға арналған құрастыру; кибер спорт; ұшқышсыз ұшу аппараттары);

-көркемдік-эстетикалық бағыт (керамика, қышпен жұмыс; мүсін, керамикалық мүсін; кесте; ілмекпен тоқу, тоқыма инелермен тоқу; тігін, макраме; оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар); кілем тоқу; зергерлік өнер; ағашқа көркем сурет салу; металлға көркем сурет салу; қағазға көркем сурет салу керамика; теріні көркемдік өңдеу; металды көркемдік өңдеу; пирография, ағашқа күйдіріп жағу, былғары, мата; киімді көркемдік модельдеу, көрпе тігу және тамбурлық кесте; ағашты көркемдік өңдеу; арт-терапия; киім дизайны; қыш өнері, мүсіндеу);

-әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика, медиа орталықтар; пікірсайыс қозғалысы; еріктілер қозғалысы; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер; зияткерлік ойындар клубы);

- жаратылыстану-математикалық бағыт (математикалық курстар).

Осы жобаға қатысқысы келетін ұйымдар 2023 жылғы 22-28 желтоқсан аралығында (қоса алғанда) білім бөліміне құжаттарды ұсынуы қажет (аумақтылығы бойынша – Есіл қаласы, Әуезов көшесі, 19):

1) Білім бөлімі басшысының атына "Ұлттық білім беру деректер базасы"ақпараттық жүйесіне енгізу туралы өтініш;

2) Бұйрықта көрсетілген нысан бойынша өтініш

3) Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмай ЖК қоспағанда, ұйым жарғысының көшірмесі (ереже, құрылтай шарты);

4) Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі;

5) Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері. Мемлекеттік ұйымдардың бағдарламаларын білім бөлімі бекітеді, аптасына 4 сағаттық жүктеме;

6) Тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтердің құжаттарының көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының көшірмесі, педагог пен осы ұйым арасындағы еңбек шарты)

7) Штат кестесінің көшірмесі, педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері;

8) Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) немесе жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;

9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы, бейнемұрағатты кемінде 30 тәулік сақтағанын растайтын құжат;

10) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған өрт кезінде эвакуациялау жоспарының сызбасы

"Ақмола облысы білім басқармасының  

Есіл ауданы бойынша білім бөлімі " ММ басшысы

 

Просмотров: 1660


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст