"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Туған жерге менің бастамам»

22.04.2024

«Туған жерге менің бастамам»
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылғы 18-19 сәуірде  Ақмола облысы, Сандықтау ауданы Сандықтау ауылындағы «Жас дәурен» жыл бойы жұмыс істейтін балалар сауықтыру лагерінің базасында «Туған жерге менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңін өткізді.Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға, үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға және негізгі ұлттық құндылықтар негізінде Қазақстан азаматын тәрбиелеуге бағытталған балалар мен жасөспірімдердің бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.Байқауға 12 ауданнан 65 шығармашылық жоба ұсынылды. Есіл ауданының намысын  «Свободный және Қаракөл ауылының ЖББМ» қорғады. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша келесі оқушылар жеңімпаз атанды:
Таңат Нұртілек, «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясында 2 орын, жетекшісі - Тоқтархан Сұңқар («Свободное ауылының ЖББМ» КММ). Толыбай Көркем, «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясы бойынша 3 орын, жетекшісі -Манарбек Гаухар («Свободное ауылының ЖББМ» КММ).Балалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Қатысу сертификаттарын Қасен Аймарал мен Жарқын Роза алды.

Просмотров: 585


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст